- Барлық ақпарат
2022 жылғы Қытай халықаралық қызмет сауда жәрмеңкесі 1339 жетістікке жетті (6)
6 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылы 5 қыркүйекте Қытай халықаралық қызмет сауда жәрмеңкесі шымылдығын жапты. Жаһандық індет әлі де ауыр, әлемдік экономиканың қалыпқа келуі әлсіз, халықаралық жағдай күрделі және құбылмалы болып тұрған ерекше сәтте биылғы қызмет көрсету жәрмеңкесі әртүрлі сипаттағы 1339 жетістікке қол жеткізіп, 100-ден астам жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды ұсынып, саны жағынан өткен жолғыдан асып түсті.
Көздің жауын алатын озық жетістіктерге қоса, биылғы Қытай халықаралық қызмет сауда жәрмеңкесі 152 000 шаршы метр көрме, 128 арнайы форум және 65 жарнамалық және келіссөздер шараларын өткізді. 2400-ден астам кәсіпорындар офлайн түрде, 7800-ден астам кәсіпорындар онлайн режимінде қатысып, жалпы 250 000-нан астам көрермендер келіп, өткен жәрмеңкеге қарағанда барлығының саны көп болды.
Бұл қызмет саудасы жәрмеңкесі 507 Fortune 500 компаниясы мен саланың жетекші компанияларын офлайн қатысуға тартып, отандық C919 ірі ұшағы және Нанша портының толық автоматтандырылған терминалдық құм үстел үлгісі сияқты салалық негізгі жетістіктерді офлайн көрмелер арқылы таныстырды.
people.cn © People's Daily Online