Шыңжаңның Үйсін байырғы жолындағы Ақ көл (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 қыркүйек
Шыңжаңның Үйсін байырғы жолындағы Ақ көл

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Күз басында Шыңжаңдағы Үйсін байырғы жолының бойындағы Ақ көлдің тұп-тұнық суы, асқар таулары мен жасыл алқаптары ашық аспан аясында жарасып, көрген жанның көзінің жауын алатын тамаша келбетке енді.

Ақ көлі теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте және жалпы ауданы 2,81 шаршы шақырымды құрайды. Ол Үйсін байырғы жолындағы жолаушылар сөзсіз басып өтетін маңызды жер және маңызды көрініс аумағы. Көгілдір аспан мен аппақ бұлттар астындағы асқар таулардың артынан түскен күн нұры таудың көлеңкесін көл бетіне түсіреді. Көл бетінен көрінген тау көрінісі қолмен салған суреттей тамаша әсер береді.

Үйсін көне жолының оңтүстігі Шыңжаңның Ақсу аймағының Бай ауданымен, ал солтүстігі Іле Қазақ автономиялы облысының Текес ауданымен шектеседі. Ол Қытайдағы әйгілі жаяу жүретін жолдардың бірі. Жол бойы асқар тауларды, жасыл қыраттарды, терең шатқалдар мен өзендерді көруге болады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото