Сычуаньдағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 74 адамға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 қыркүйек
Сычуаньдағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 74 адамға жетті

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сычуань өлкесінің Лудин қаласында болған 6,8 балдық жер сілкінісі салдарынан 74 адам қаза тапты. Апатта 26 адаммен байланыс үзіліп, 259 адам жарақат алды.

Қазіргі уақытта осы апаттық жағдайға байланысты әлі де қосымша статистика беріліп жатыр. Жер сілкінісінен зардап шеккен орындарда апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото