Нинбо, Чжэцзян: «Теңіз-теміржол бірлескен тасымалы» «миллион» жәшіктен асады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 қыркүйек
Нинбо, Чжэцзян: «Теңіз-теміржол бірлескен тасымалы» «миллион» жәшіктен асады

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында, Чжэцзян өлкесі, Нинбо қаласы, Чжоушань портының теңіз-теміржол біріккен тасымалының биылғы бизнес көлемі «миллион» контейнерден асып, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 29,8%-ға өсті. «Миллион» контейнерді тасымалдау міндеті өткен жылмен салыстырғанда 62 күн бұрын орындалды.

Нинбо Чжоушань порты ішкі құрлықтағы теңіз теміржол желісін ұзартуды жалғастырып, теңіз-теміржол бірлескен тасымалының қызмет көрсету желісін кеңейтті. «Бір белдеу, бір жол» желісінің түйінінде орналасу артықшылығын пайдаланып, теңіз-теміржол бірлескен тасымал режимін белсенді түрде жаңартты. Клиенттердің негізгі тұстарына бағытталған, барлық тараптарды белсенді түрде үйлестіріп, кәсіпорындар үшін логистикалық шешім жобаланып, теңіз-теміржол бірлескен тасымалдауының бренд ықпалын үздіксіз арттырды.

Келесі қадамда Нинбо Чжоушань порты төрт жақтың «жол, порт, авиация және кәсіпорын» ынтымақтастығын одан әрі тереңдетіп, ішкі құрлықта теңіз-теміржол аралас тасымалдау бизнесін дамытуды күшейту арқылы Ішкі құрлықтағы кәсіпорындардың қызмет көрсету тәжірибесін жақсартады. Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын логистикалық шешімдер әзірлеп, неғұрлым тұрақты, қауіпсіз және тиімді логистикалық жүйені құрып шығады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото