Қытай ғалымдары Шығыс Азиядағы ең ежелгі адамдардың өсімдік негізіндегі тағамды тұтынғанын және оларда тіс шұқу әдеті болғанын анықтады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 қыркүйек
Қытай ғалымдары Шығыс Азиядағы ең ежелгі  адамдардың өсімдік негізіндегі тағамды тұтынғанын және оларда тіс шұқу әдеті болғанын анықтады

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Ғылым академиясының Омыртқалы жануарлар палеонтологиясы және палеоантропология институтының (Қытай Ғылым академиясы Палеоантропология институты) жас зерттеушісі Ву Ян басқаратын зерттеу тобы, Хунань өлкесінің Даосянь ауданындағы Фуян үңгірінен табылған Шығыс Азияда жасаған ең ежелгі (80 000-120 000 жыл бұрын) адамдардың тіс қалдықтарынан тіс тастарын алу және оларға талдау жасау арқылы соңғы зерттеулерінде Шығыс Азиядағы ең ежелгі адамдардың өсімдік негізіндегі тағамды тұтынғанының тікелей дәлелдерін тапты және сол кездегі ежелгі адамдарда тіс шұқу әдеті болғанын анықтады. Бұл маңызды ғылыми жаңалықтың нәтижелері «Frontiers in Plant Science» халықаралық кәсіби академиялық журналында жарияланды. 7 қыркүйекте Бейжіңде түсірілген суретте, Қытай Ғылым академиясының Ежелгі омыртқа институтының гербарийінде Хунань өлкесінің Фуян үңгірінен табылған Шығыс Азиядағы ең алғашқы (80 000-120 000 жыл бұрын) заманауи адам тісінің қазба үлгісі көрсетілген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото