Тяньцзинь қаласында жаңа энергетикалық көлік технологиясының инновациялық базасы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 қыркүйек
Тяньцзинь қаласында жаңа энергетикалық көлік технологиясының инновациялық базасы ашылды

16 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қыркүйекте Қытай автомобиль технологиясын зертеу орталығына қарасты жаңа энергетикалық көлік технологиясының инновациялық базасының зарядтау технологиясы бөлімінде қызметкерлер жаңа энергетикалық көліктерді сымсыз зарядтауға көмекші жабдықтардың өнімділігін сынақтан өткізе бастады.

Жақында Тяньцзинь қаласында Қытайдың автомобиль технологиясын зерттеу орталығы ЖШС компаниясының жаңа энергетикалық көлік технологиясының инновациялық базасы құрылып, іске қосылды. Базада 1000-нан астам сынақ жабдығының жиынтығын құрайтын жалпы көлемі 116 000 шаршы метр кешенді сынақ ғимараттары бар. Бұлар негізінен жанармай және қуат батареялары, электр жетек және электронды басқару, зарядтау технологиясы, электромагниттік үйлесімділік, жаңа энергия көліктері сияқты алты негізгі салаға бағытталған. Сынақ мүмкіндіктері жаңа энергетикалық жолаушы көліктерін, коммерциялық көліктерді және басқа да тиісті қосымша жабдықтарды қамтиды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото