Дунин, Шаньдун: Хуанхэ өзенінің сағасының экологиясы жақсарып, құстардың жайлы мекеніне айналды (5)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 қыркүйек
Дунин, Шаньдун: Хуанхэ өзенінің сағасының экологиясы жақсарып, құстардың жайлы мекеніне айналды

26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шаньдун өлкесіндегі Хуанхэ өзенінің атырабындағы ұлттық табиғи қорығында қаулап өскен Суаэда өсімдігі жағалаудағы сазды алқапқа «қызыл кілем» жайып, құстардың жайлы мекеніне айналды, күз басындағы Хуанхэ өзенінің сағасын құлпыртып жіберді.

Соңғы жылдары қорықты экологиялық жолмен басқаруды ұстанып, «бір реттік қалпына келтіру, табиғи сабақтастық, ұзақ мерзімді тұрақтылық» сияқты сазды алқапты қалпына келтірудің жобаларын жүзеге асырды. Өзен-құрлық-жағажай-сазды алқап экожүйесі қалыптасып, Хуанхэ өзенінің сағасындағы жаңа сазды алқап экожүйесінің шынайылығы мен тұтастығы одан әрі жақсара түсті.

Шаньдун Хуанхэ өзенінің атырабы ұлттық табиғи қорығы Мемлекеттік кеңестің шешімімен 1992 жылдың қазан айында құрылған, жалпы ауданы 1530 шаршы шақырымды құрайды. Ол еліміздегі жылы қоңыржай белдеудегі ең толық, көлемді, жас сазды алқап экожүйесі болып табылады. Сондай-ақ дүние жүзі бойынша құстар үшін маңызды транзит, қысқы мекен және өсіп-өнетін жер саналады. Мұнда жануарлардың 1630 түрі мен құстардың 371 түрі, соның ішінде ұлттық бірінші дәрежелі қорғауға алынған құстардың 25 түрі, ұлттық екінші дәрежелі қорғауға алынған құстардың 65 түрі бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото