Хэйлунцзяндағы Дасинъаньлин орман аймағы күздің ең әдемі мезгіліне еңді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 қыркүйек
Хэйлунцзяндағы Дасинъаньлин орман аймағы күздің ең әдемі мезгіліне еңді

26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Хэйлунцзяндағы Дасинъаньлин орман аймағы күздің ең әдемі мезгіліне кіре бастады.

Әуеден Дасинъаньлинге көз салсаңыз, созылып жатқан тау жүйесі бұлт арасынан бұлдырап, алқаптағы қызыл, сары жапырақтар, сылдыраған бұлақ, жалама жартастармен бірге күздің тамаша көрінісін қалыптастырады.

Дасинъаньлин аймағының жалпы ауданы 83 000 шаршы шақырым, орманмен қамту көрсеткіші 84,89% құрайды. Бұл Солтүстік-Шығыс Қытайда, тіпті бүкіл елде маңызды экологиялық орта болып табылады. Ормандағы әртүрлі ағаш түрлері жыл сайын қыркүйектің ортасы мен аяғында ауа райы салқындаған сайын әр түрлі түстерге боянып, табиғаттың көркем пейзажын қалыптастырады. Таудың әр жерінің биіктіктері мен беткейлері әртүрлі болғандықтан, ағаштарға күн сәулесінің түсуі де әр түрлі болады да, осындай тамаша көрініс қалыптасады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото