«Kunlong» AG600M өрт сөндіргіш ұшағы су бүркуден сынақтан өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 қыркүйек
«Kunlong» AG600M өрт сөндіргіш ұшағы су бүркуден сынақтан өтті

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қыркүйекте Қытай өзі жасаған «Kunlong» AG600M өрт сөндіргіш ұшағы Хубэйдің Цзинмын қаласындағы Чжанхэ әуежайында өртке қарсы жаңадан жабдықталған 12 тонналық су бүрку сынағын аяқтады. AG600M су бүркуінің бұл негізгі сынағы 31 мамырда аталған ұшақтың құрлықтағы ұшуы мен 29 тамызда судағы ұшуын аяқтағаннан кейінгі тағы бір маңызды белесі болып табылады. Бұл жолғы сынақ AG600M су бүрку мен өрт сөндірудің және нақты жауынгерлік қолданыстың негізгі мүмкіндіктерін тиімді бағалады. AG600M ұшағы Қытайдың төтенше жағдайлардағы апаттық-құтқару жүйесі мен табиғи апаттардың алдын алу және бақылау ұлттық жүйесін құрудағы шұғыл түрде дамытуды қажет ететін негізгі авиациялық жабдық. Сонымен бірге бұл Қытайдағы азаматтық ұшақтың жарамдылық стандарттарына сәйкес жасалған алғашқы ауқымды арнайы ұшақ болып табылады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото