Хубэйде табылған ежелгі адам бас сүйегінің қалдықтары Қытайда миллиондаған жыл бойғы адамзаттың даму эволюциясын көрсетті (6)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 қыркүйек
Хубэйде табылған ежелгі адам бас сүйегінің қалдықтары Қытайда миллиондаған жыл бойғы адамзаттың даму эволюциясын көрсетті

29 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қыркүйек күні Хубэй өлкесінің мәдени жәдігерлер және археология институтынан алған мәліметке сәйкес, Хубэй өлкесінің Шиян қаласы Юнян аумағында орналасқан Сюэтан Лянцзы байырғы жұртынан үшінші рет толық сақталған адамның бас сүйегі табылды. Бұл бүгінге дейін Еуразия құрлығынан табылған сәйкес мезгілдегі ежелгі адамдардың ең кемелді бас сүйегі болды. Табылған қазба қалдықтары Қытайдағы миллиондаған жылдар бойы адам эволюциясын көрсетудің маңызды дәлелі бола алды. 1990 жылдан 2022 жылға дейін бұл жерде жеті археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Алдыңғы бес археологиялық қазбалар мен зерттеулердің негізгі аймақтарынан шамамен 1 миллион жыл бұрынғы екі ежелгі адам бас сүйегінің қаңқалары табылған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото