Поян көлінің тереңіндегі тастанды балық аулау құралдары тазаланды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 қыркүйек
Поян көлінің тереңіндегі тастанды балық аулау құралдары тазаланды

29 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Цзянси қуаңшылықтан зардап шегіп, Поян көлінің су деңгейі төмендеді. Кейбір аймақтарда көлдің түбі таязданып, тасталған балық аулау құралдары көзге анық шалынды. Соңғы бірнеше күнде Поян көлі су аймағындағы балық шаруашылығы басқармасы мен еріктілер бірлесіп, көлдің терең өңірлеріне жетіп, көл түбінде қалған балық аулау құралдарын тазалауға кірісті.

«Бұл балық аулау құралдары жыл құстарына қатер төндіреді»,- дейді Юйгань ауданының балық шаруашылығы басқармасының жауапты тұлғасы. Ол «Су таза болса, балық ағзасы да сау болады. Құстар таза балықтармен коректенеді. Сонымен бірге, жыл құстары балық аулау құралдарына арандап, жарақаттанбайды»,- деп түсіндірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото