Еліміздің 2000 тонналық жаңа буын теңіз жел электр қондырғысын орнату платформасы пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 қыркүйек
Еліміздің 2000 тонналық жаңа  буын теңіз жел электр қондырғысын орнату платформасы пайдалануға берілді

29 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қыркүйекте Гуанчжоудың Наньша қаласында әлемдегі ең бірінші жаңа буын құрылғысы- 2000 тонналық теңіз жел электр қондырғысын орнату платформасы - «Байхэтань» ресми түрде пайдалануға берілді.

«Байхэтань» - қазірге дейін әлем бойынша көтеру қабілеті ең қуатты (2000 тонна), суда жұмыс істеу тереңдігі ең төмен (70 метр), ауыспалы жүктемесі аса ауқымды (6500 тонна), палуба ауданы ең көлемді (4200 шаршы метр) өздігінен жүретін және көтерілетін Жел электр қуатын орнатудың біріктірілген платформасы. Жаңа құрылғының көтергіш жүйесі және басқа да негізгі жабдықтары түгелдей отандық өндіріске сүйенілген. Платформаның ұзындығы 126 метр, ені 50 метр, тереңдігі 10 метр. Ол тасымалдау, өздігінен көтерілу, өздігінен жүру, көтеру, орнату, динамикалық позициялау және басқа функцияларды атқарады. Сонымен бірге теңіздегі интеграцияланған теңіз жел электр қуатын салу операцияларының қажеттіліктерін орындау мүмкіндігі мол.

«Байхэтанн» негізінен Гуандун және Фуцзянь өлкесінің теңіз айдындарында жұмыс істеуге бағытталған. Бұл еліміздің терең теңіздерінде ауқымды теңіз жел турбиналарын салу және орнату әлеуетін одан әрі арттырып, теңіздегі жел энергетикасы жобаларын шоғырлы және ауқымды дамытуға қуатты тірек бола алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото