Соңғы он жылда Қытайдың көлік қозғалысы құрылысы қарқынды дамып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 қыркүйек

30 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясының 18-інші мемлекеттік құрылтайынан (2012) бергі он жылда Қытай әлемдегі ең үлкен жоғары жылдамдықты теміржол желісін, жоғары жылдамдықты тасжол желісін, әлемдік деңгейдегі порттар торабын және әлемнің түкпір-түкпіріне қатынайтын әуе және теңіз қатынасын салды. Қытайдың жоғары жылдамдықты теміржолы, Қытай тасжолы, Қытай көпірі, Қытай порты және Қытай экспрессі Қытайдың бірегей жетістігіне айналды. Бұл тасымал желісі уақыт пен кеңістік аралығын қысқартты, материалдар мен адамдар барыс-келісін жылдамдатады, қала мен ауылдың сыртқы келбетін түбегейлі өзгертеді, қала мен ауылдың бір тұлғалану үрдісіне ықпал етеді. Көлік құрылымы ішкі және халықаралық тасымалдауға тиімді кепілдік беріп қана қоймайды, сонымен қатар әлемдік экономиканың дамуына маңызды үлес қосады.

Фотода 2020 жылдың 29 сәуіріндегі Қытайдағы алғашқы тасжол-теміржол қос бағытты теңіз арқылы өтетін Пинтань бұғазының тасжол-теміржол көпірі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото