Күздегі Цинхай-Тибет үстіртінде айнадай жарқыраған тұзды көл

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 қазан
Күздегі Цинхай-Тибет үстіртінде айнадай жарқыраған тұзды көл

9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Күз ортасы болып, Цинхай-Тибет үстіртінде орналасқан тұзды Чака көлі біртіндеп тазарып, тұз қабаты кристалданды. Толқынсыз көл беті айнадай болып, ашық аспан мен алыстағы қарлы тауларды шағылыстырып, тамаша көрініс қалыптастырды. Чака тұзды көлі Цинхай өлкесіндегі Хайси Моңғол-Тибет автономиялық облысы Ұлан ауданы Чака ауылында орналасқан. Көлдің теңіз деңгейінен биіктігі шамамен 3100 метр, ал көлдің ауданы 105 шаршы шақырымды құрайды. Көл көне тарих пен бай мәдени маңызға ие, ол тағы Қытайдағы тұз мәдениетінің басталған жерлерінің бірі әрі табиғи кристалды тұзды көл. Тұзды ерітіндінің шағылысуынан көл бетінің кристалды қабатында шағылып айна пайда болады да, асқар таулар мен көк аспан көл бетіне түсіп, көркем көрініс қалыптасады. Сол себептен көлді қытайша «Аспан айнасы» деп атайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото