Қытайдағы «ең биік ағаштың» рекорды 83,4 метрмен жаңарды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 қазан
Қытайдағы «ең биік ағаштың» рекорды 83,4 метрмен жаңарды

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қазан күні Қытайдың биік ағашты зерттеу тобы қазір елдегі ең биік ағаш Юньнань сары бүршікті самырсынның дәл биіктігі 83,4 метр екенін дәлелдеп, алып ағаштың суретін жариялады. Фотода 9 қазанда шығарылған биік самырсынның суреті. Алып самырсынның фотосын төрт ғылыми-зерттеу тобының мүшелері бірігіп түсірген. Алдымен ұшқышсыз құрылғымен бірнеше метрден үш те алты паршада бір топ фотоларды түсірген. Одан кейін тағы бірнеше метрден бір топқа бөліп, ағаштың ұшар басына дейін түсірген. Сөйтіп олар 160 парша түрлі биіктіктегі фотоларды түсіре алды. Соңында барлық түсірілімдерді біріктіріген. Фотолардың жалпы кадры 350 миллион пиксельден асты. Зерттеушілер алып самырсын ұзындығын егжей-тегжейлі көрсету үшін түсірген фотоларды 100 метрлік алып экраннан көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото