Юннань Фусянь көлінде «тулаған майшабақтар» көрінісі қайта жанданды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 қазан

12 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Юньнань өлкесіндегі Фусянь көлінен фотограф табиғаттың сирек кездесетін кереметі - «майшабақтар тулаған» көріністі түсіріп алды. Тып-тыныш көл бетінде жүздеген майшабақтар топтасып, амур қара балығының бастауымен біресе бір сапқа тізіліп, біресе бытырай жүзіп тамаша көрініс қалыптастырды.

«Майшабақтардың тулауы» - Фусянь көлінің өзіне ғана тән тамаша сәт. Соңғы жылдары Юньнань өлкесі Фусянь көлі экологиясын қорғау шараларын үнемі күшейтудің арқасында майшабақ сияқты жергілікті балықтардың саны көбейіп, дене тұрқы да іріленіп келеді. Сонымен қатар, Фусянь көлінің жағасындағы жабайы ірі жапырақты баньян ағаштарының піскен жемістері көлге түсіп, майшабақтарға жақсы азық болды. Осындай игі шаралардың арқасында аталған көлде «тулаған майшабақтардың» тартымды көрінісі қайта жанданды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото