ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының жаңалықтар орталығы ресми түрде сыртқы қабылдау қызметін іске қосты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 қазан
ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының жаңалықтар орталығы ресми түрде сыртқы қабылдау қызметін іске қосты

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қазанда Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының жаңалықтар орталығы ресми түрде сыртқы қабылдау қызметін іске қосып, отандық және шетелдік журналистерге ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайында сұхбат алу үшін қызмет көрсету кепілдіктерін ұсынды.

Жаңалықтар орталығының негізгі функционалды аймақтары Бейжің медиа орталығы мен Бейжіңдегі New Century Nikko қонақ үйінде орналасқан. Ақпарат орталығында тілшілерді қабылдау аймақтары, ақпарат тарату аймақтары, тілшілердің жұмыс аймақтары, БАҚ жұмыс аймақтары, ақпараттық қызмет көрсету аймақтары, бейне сұхбат бөлмелері, радио және теледидар дабылдарына қызмет көрсету бөлмелері, желіге қызмет көрсету бөлмелері, фото қызмет көрсету бөлмелері және т. б. бөлімдер журналистерге жаңалықтар сұхбатын, ақпараттық сұрауларды, қоғамдық радио және теледидар дабылдарын және басқа қызметтерді ұсынады әрі кепілдік береді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото