Юньнань таулы аймақтарындағы биоалуантүрлілік жақсаруда

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 қазан
Юньнань таулы аймақтарындағы биоалуантүрлілік жақсаруда

18 қазан, онлайн «Халық Газеті» - Юньнань өлкесі, Пуэр қаласы, Цзиндунги автономиялық ауданында Уляньшань және Әйлаушань екі ұлттық табиғи қорық орналасқан. ҚКП 18-інші мемлекеттік құрылтайынан кейін, Юньнань өлкесіндегі Әйлаушань және Уляньшань Ұлттық табиғи қорығының Цзиндун басқару және қорғау бюросы мал шаруашылығына тыйым салу саясатын жүргізді. Сол сияқты экологиялық қалпына келтіруді жүзеге асырып, биоәртүрлілікті сақтау туралы насихаттауды көбейтті. Орман патрульдерін күшейтіп, ғылыми зерттеулерді бақылау-қадағалау және "екі тауды" қорғауды одан әрі бекемдей түсті. Қазіргі уақытта Әйлаушань және Уляньшаньның биоәртүрлілік ортасы жақсарып келеді.

Мониторинг көрсеткендей, соңғы жылдары Юньнань өлкесіндегі Әйлаушань және Уляньшань Ұлттық табиғи қорығының Цзиндун басқару және қорғау бюросы қауіпсіздік аумағындағы экожүйе тұрақталды. Аумақта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 4816 түрі, бірінші және екінші деңгейдегі ұлттық қорғалатын өсімдіктердің 26 түрі, сирек кездесетін бірегей өсімдіктердің 60-тан астам түрі, бірінші және екінші деңгейдегі ұлттық қорғалатын жабайы аңдардың 80-нен астам түрі бар. Негізгі қорғалатын жабайы аңдардың популяциясы да қалпына келтірілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото