Отандық және шетелдік журналистер Бейжіңдегі теміржол көлігін басқару орталығын тамашалады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 қазан
Отандық және шетелдік журналистер Бейжіңдегі теміржол көлігін басқару орталығын тамашалады

19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының жаңалықтар орталығы 17 қазан күні отандық және шетелдік тілшілер үшін Бейжің теміржол көлігін басқару орталығында экскурсия жасау және сұхбат алу іс-шараларын ұйымдастырды. Шараға 30-дан астам отандық және шетелдік БАҚ-тан 50-ге жуық журналистер қатысты. Олар Бейжің теміржол көлігінің жалпы жағдайы мен құрылысының тарихы туралы біліп, теміржол көлігінің командалық орталығының жұмыс орнын аралап, Бейжің теміржол көлігінің «Үлкен миы» қалай қауіпсіз және тиімді жұмыс істейтініне куә болды.

ҚКП 18-інші мемлекеттік құрылтайынан кейін Бейжің көлік саласы қалалық кеңістіктің орналасуын оңтайландыру, кептелісті азайту және қала тұрғындарының жүріс-тұрысын жеңілдету үшін теміржол көлігін белсенді түрде дамыта бастады. Қалалық теміржол көлігінің қолданыстағы желілер саны 16 желіден 27 желіге дейін ұлғайды. Ал жол желісінің жалпы ұзындығы 442 шақырымнан 783 шақырымға дейін ұзарды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото