Қытай Коммунистік партиясы Қытай моделін «экспорттамайды»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 қазан
Қытай Коммунистік партиясы Қытай моделін «экспорттамайды»

21 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық комитетінің Халықаралық департаментінің орынбасар министрі Шэнь Бэйли 20 қазанда ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының ақпарат орталығында өткен журналистермен кездесуде Қытай Коммунистік партиясы Қытай моделін «экспорттамайды» және басқа елдер мен саяси партиялардан біздің тәжірибемізді «көшіруді» сұрамайды деп мәлімдеді.

Ол былай деді: «Бір-бірінің ішкі істеріне араласпау» әртүрлі елдердегі саяси партиялардың жалпы консенсусы және халықаралық қатынастардың негізгі қағидасы, сондай-ақ әртүрлі саяси партиялардың өз тәуелсіздігін сақтауының қажетті шарты болып табылады. Тарихының ұзақтығына, мүшелерінің санына, күшті-әлсіздігіне және олардың билікте болуына немесе болмауына қарамастан, саяси партиялар бір-біріне бірдей қарап, бір-бірін құрметтеуі керек. Тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құруға ықпал ету бір жүйені екіншісіне ауыстыру немесе бір өркениетті басқа бір өркениетке алмастыру дегенді білдірмейді. Саяси жүйе мен даму жолын қалай таңдау барлық елдердің саяси партиялары мен халықтарының өз еркінде».

Шэнь Бэйли: «Біз гегемония мен үстемдік саясатының барлық түрлеріне, қырғи қабақ соғысқа, басқа елдердің ішкі істеріне араласуға және қос стандарттарға үзілді-кесілді қарсы тұрамыз. Біздің партия басқа елдердегі саяси партиялардың ішкі ісіне килікпейді, Қытай моделін «экспорттамайды», басқа елдер мен саяси партиялардан біздің тәжірибемізді «көшіруді» талап етпейді. Сонымен қатар, біз басқалардың да өктем сөйлеп, ыммен бұйрық жасауын қабылдамаймыз. Басқа елдердің саяси жүйелерін ешқашан көшірмейміз», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото