- Барлық ақпарат
Тяньцзинь портының интермодальды теңіз және теміржол тасымалы 2022 жылы 1 миллион TEU дан асты (4)
![]() |
26 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 25 қазан күні Эрляньхотқа баратын пойыздың контейнерлерін тиеуді аяқтағаннан кейін, Тяньцзинь портының теңіз бен теміржол арқылы интермодальды тасымалдау көлемі биыл 1 миллион TEU-дан асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 64 күн ерте орындалды.
«Бір белдеу, бір жолдың» құрлық пен теңіздегі түйілісу орны мен сыртқы әлем үшін толығымен ашық халықаралық тораптық порт болып саналатын Тяньцзинь порты соңғы жылдары порттардың құрылымын жетілдіріп, теңіз және теміржол арқылы интермодальды тасымалдаудың дамуына жан-жақты ықпал етті. Сөйтіп, «Тяньцзинь порты - Орталық Азия» халықаралық интермодальды төте баратын пойыздардан теңіз-құрылық интермодальды 44 желісі, бүкіл ел бойынша 13 өлкеге (автономиялық регион, төте қарасты қала) қызмет етеді. Сонымен бірге Тяньцзинь порты «Солтүстік-шығыс Азия—Тяньцзинь порты — материктік көпір - Орталық Азия, Батыс Азия және Еуропа» қос бағытты бірлескен желісін қалыптастыра отырып, Қытай-Моңғол логистикалық арнасының құрылысын ілгерілетуді жалғастыруда.
people.cn © People's Daily Online