Шағын ауылдан шыққан үйлену көйлектері әлемдегі қалыңдықтардың қолына жетеді (10)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 қазан
Шағын ауылдан шыққан үйлену көйлектері әлемдегі қалыңдықтардың қолына жетеді

27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қалыңдықтар армандаған үйлену көйлектерін таңдағанда, олардың той көйлектері 60 000-нан аз халқы бар шағын ауыл-Аньхой өлкесінің Люань қаласы Динцзи ауылынан келгенін ойламауы да мүмкін.

Мұндағы үйлену индустриясында 15000-нан астам адам жұмыс істейді. Үйлену көйлектерін шығаратын 400-ден астам кәсіпорын және үйлену тойына арналған маталарды шығаратын 100-ден астам компания бар. Олар негізінен үйлену көйлектерін шығаратын өндіріс жүйесін қамтып, жылдық жалпы өндірісі 2,4 миллиард юаньнан асады.

Күн сайын Динцзи ауылынан елдің іші мен сыртына жөнелтілетін үйлену көйлектерінің жедел жеткізілуі кем дегенде 10 000 дананы құрайды. Ауылда оннан астам жедел жеткізу компаниялары мен төрт дистрибьюторлық қойма орналасқан. Бұндағы өнімдер елдің көптеген аймақтарына үш күн ішінде жеткізіледі. 2018 жылдың екінші жартысында 30-дан астам Динцзи халықаралық сауда фабрикалары үйлену көйлектерін АҚШ пен Еуропаға сатып, кіріс 12 миллион АҚШ долларын құрады.

Бастапқыда Динцзи шағын ауылшаруашылық ауылы еді. Қарапайым ауылдан үйлену көйлектерін шығаратын ауылға айналудың негізі Янцзы өзені атырау аймағындағы өнеркәсіптің ауысуы еді. Динцзиден 400 шақырымнан астам жерде орналасқан Сучжоу Хуцю - Қытайдағы үйлену көйлектерін өндірушілердің бірі. Сонымен қатар бұл Динцзи тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған орын. Соңғы жылдары Сучжоу үйлену көйлектерінің өнеркәсіптік ауысуы және Динцзи үкіметінің инвестицияларды ынталандыруы көптеген Динцзи тұрғындарының ауылына келіп, бизнестерін бастауға біршама мүмкіндіктер берді.

64 жастағы Сюй Чан Сучжоудан оралған алғашқы Динцзи тұрғыны. Ол 1992 жылы бизнесті бастау үшін Сучжоудың Хуцю қаласына келген еді. Содан 2010 жылы аулына қайтып келіп, жаңа кәсіп көзін іздеді.

Арзан жер мен жұмыс күші Сюй Чанға үміт ұшқынын сыйлады. Ол Динцзиде бірінші қабаты машинамен әшекейлейтін, екінші қабаты үйлену көйлектерін көрсететін және үшінші қабаты үйлену көйлектерін тігетін үш қабатты фабрика салды.

Тез өзгеретін нарық Сюй Чанға арзан үйлену көйлектері енді сұранысқа ие еместігін аңғартты. 2014 жылы ол он шақты адамнан тұратын дизайнерлік топ құрып, жоғары деңгейлі нарыққа көшті және жеке дизайнмен айналысты.

Қазіргі уақытта Сюй Чан ел бойынша бірнеше дүкендер ашып, 2000-ға жуық дистрибьюторлармен ынтымақтастық орнатты. Қалыңдықтарға осы дүкендер арқылы орташа көтерме бағасы 1000 юань болатын жоғары сапалы үйлену көйлектерін әзірледі.

Динцзиліктердің ауылдарына келіп, бизнесті бастауы туған жерлерін жандандыра түсті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото