Швейцария ең ұзын жолаушылар пойызымен рекорд орнатты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 31 қазан
Швейцария ең ұзын жолаушылар пойызымен рекорд орнатты

Швейцарияда әлемдегі ең ұзын жолаушылар пойызы жүріп, рекорд орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұзындығы 2 шақырымдық пойыз Ретий теміржолы бойындағы көрікті жерлердің бір бөлігін, атап айтқанда Альбул/Бернин бағытымен Предадан Бергенге дейін жүріп өтті.

25 вагондар тізбегін біріктіру арқылы Ретий теміржолының басшылары 175 жылдық мерейтойын атап өтуді әрі әлемдік рекорд орнатып, жергілікті халық пен шетелдік туристердің назарын аударуды жөн көрген. Эксперимент сәтті іске асты. Оның басты шарты пойызды жүргізген 6 машинистің бірдей іс-қимыл жасауы болды.

«Пандемия болған 2 жылда айналымның 30 пайызын жоғалттық. Сондықтан, біздің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралары тізіміне енгізілген керемет бағытымыз туралы адамдарды хабардар етудің ұтымды жолын іздестірдік», - дейді Ретий теміржолының бас директоры Ренато Фашиати.

Пойыз ұзындығы бағыт бойындағы ең ұзақ, доғал тоннельден (Ландвассер, 680 метр) 3 еседей артық болған. Вагондар құрамының осы тоннельден өткен сәті көрерменді қатты таңқалдырған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото