Юньчэн, Шаньси: алуан түске боялған тұзды көлден көрініс

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 31 қазан
Юньчэн, Шаньси: алуан түске боялған тұзды көлден көрініс

31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Күзде температураның өзгеруімен Шаньси өлкесіндегі Юньчэн тұзды көлі түрлі-түсті бояумен көркін асырады. Камерамен көк жүзінен көз салсаңыз, жер бетіндегі алуан түсті бояулар тақтасына ұқсап, сұлулығымен таңдай қақтырады.

Соңғы жылдары Шаньси өлкесінің Юньчэн қаласы Жасыл даму тұжырымдамасына мұқият назар аударып, «Тұзды көлдің табиғатын сақтау», «Жағажай арқылы қорғау» және «Сулы-батпақты жерлерді көгалдандыру» сияқты қоршаған ортаны қалпына келтіру шараларын қабылдады. Сөйтіп, тұзды көлді биологиялық алуан түрлі экологиялық кеңістікке, әдемі пейзажды туристік мекенге және тұрғындар үшін жайлы демалыс орнына айналдырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото