Қытайдың суық аймақтарындағы ең ұзын және жүк көтерімділігі ең үлкен көпір іске қосылды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 31 қазан
Қытайдың суық аймақтарындағы ең ұзын және жүк көтерімділігі ең үлкен көпір іске қосылды

31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қазанда Хэйлунцзян өлкесінің Цицихар қаласындағы Миньхан көпірі ресми түрде аяқталып, іске қосылды. Бұл Қытайдың биік таулы, суық аймақтарында салынған ең ұзын және жүк көтерімділігі ең үлкен арқалық құрылымы бар бетон көпір.

Көпірге жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 574 миллион юань. Нысанның жалпы ұзындығы 2,793 шақырым. Негізгі жолдың екі бағытында алты жолақты, жобалық жылдамдығы сағатына 60 шақырым. Олардың ішінде ұзындығы 352 метр және ені 34,4 метр болатын негізгі көпір Харбин Цицикар жүрдек теміржолы сияқты 21 бағытты кесіп өтеді. Екі бағыттың жалпы жүк көтерімділігі 55000 тонна. Бұл көпір Қытайдың суық аймақтарындағы ұқсас құрылымдық көпірлердің ішіндегі ең ұзыны және жүк көтерімділігі жағынан ең үлкені.

Миньхан көпірі Цицикар трафик үшін ресми түрде ашылғаннан кейін, қаланың орталығындағы және Тиедун аумағындағы көлік кептелісін тиімді түрде азайтады. Сонымен қатар қаланың шығысқа қарай дамуына, қаланың құрылымын кеңейтуге және жақсартуға негіз болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото