Иу-да 50 күнде жасалған 100000 футбол доптары 2022 жылғы Катардағы футболдан әлем чемпионатында қолданылады (4)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 31 қазан
Иу-да 50 күнде жасалған 100000 футбол доптары 2022 жылғы Катардағы футболдан әлем чемпионатында қолданылады

31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Катардағы 2022 жылғы әлем чемпионаты 21 қарашада басталады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар қарқынды дайындалып жатқанда, қытайлық өндіріске қатысты кейбір жаңалықтарды жанкүйерлермен бөлісеміз.

Иу спорттық тауарлар қауымдастығынан алған мәліметке сәйкес, Тулардан футбол мен футбол киімдеріне дейінгі «Иу-да өндірілген заттар» Катардағы әлем чемпионатының барлық перифериялық тауар нарығының шамамен 70% құрайды.

Футбол бизнесімен айналысатын Yiwu aokai Sporting Goods Co ., Ltd компаниясының негізін қалаушы У Сяоминнің футбол саласымен жұмыс жасағанына 27 жылдың жүзі болып, 6 әлем чемпионатын өткерген. 2002 жылы Корея мен Жапонияда өткен әлем чемпионатында серпіліс болып, кейінірек ол сыртқы сауда арқылы жұмысын ұлғайта түсті. У Сяомин: «Әр әлем чемпионатының басталуы мен аяқталуында футбол экспорты 1 миллионға дейін жетіп, шамамен 20 миллион юань болады»,- дейді.

8 жыл бұрын Бразилияда өткен әлем чемпионатында У Сяомин 1,5 миллионнан астам футбол доптарын сатқан болатын. Осы жылдың басынан бастап бірқатар шетелдік тапсырыстарды қабылдады. Соның ішінде ресми түрде рұқсат етілген кәдесый футболы да бар. Соңғы бір айда оның компаниясы 50 күннен астам уақыт ішінде сенімді клиенттерге 100 000 футбол доптарын шығарды және күніне 3000 футбол доптарын өндіреді екен.

У Сяомин журналистерге берген жауабында «Біздің футбол жабдықтары - сапасы мен стилі бойынша нарықтағы ең жақсы өнім»,- деді. Оның компаниясының негізгі нарық саласы Еуропа мен Оңтүстік Америкада орналасқан. Індеттен бұрын әр жылы осы екі нарыққа 1 миллионнан астам футбол доптарын сататын. Әсіресе Еуропалық нарықта У Сяомин 2012 жылы Испанияның Мадрид аймағының футбол қауымдастығымен ынтымақтастықта болған. Қазір ол сол елдегі барлық жергілікті қоғамдық іс-шараларда қолданылатын футбол өнімдерін дайындап береді.

Сыртқы сауда тапсырыстары аяқталу алдында тұр. Ал Иу-дағы әлем чемпионатының өндірістік қарбаласы әлі толық аяқталған жоқ. Саудагерлер отандық жанкүйерлердің тапсырыс беруін күтіп, ішкі нарыққа назар аудара бастады.

У Сяомин өзінің қолындағы сыртқы сауда тапсырыстарының соңғы партиясы шыққаннан кейін, ішкі нарыққа жүгінуді жоспарлап отыр. Оның айтуынша 2015 жылдан бастап ішкі футбол нарығында футбол өнімдері жақсы сұранысқа ие болып келген. Оның бұрынғы сыртқы сауда тапсырыстары әдетте 80%-дан астамды құрайтын. Қазір сыртқы сауда мен ішкі сатылымдар негізінен сәйкесіп келеді.

«Әлем чемпионатынан туындаған футбол қызуы ұзаққа созылады. Бұл отандық спорт тауарларына да әсер етеді». У Сяоминнің айтуынша, компания Чжэцзян өлкесіндегі ойын доптарын ресми жабдықтаушы болып бекітілген. Компанияның ішкі нарықтағы сатылымы биыл 1 миллион футбол добына жетеді деп жоспарлап отыр. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото