Шыңжаңның оңтүстігіндегі байырғы тораңғы орманы алтын түске малынып, сәулесі суда ойнады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 3 қараша
Шыңжаңның оңтүстігіндегі байырғы тораңғы орманы алтын түске малынып, сәулесі суда ойнады

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Күзде Шыңжаңның Қашқар аймағы Маралбасы ауданындағы байырғы тораңғы орманы алтын түске боялды. Су жағасындағы тораңғылар күн нұрына шағылысып, сәулесі су бетіне түсті. Мәліметтерге сәйкес, Такламакан шөлінің солтүстік-батыс шетінде орналасқан Маралбасы ауданындағы байырғы тораңғы орманының ауданы 210666 гектар. Тораңғы орманындағы жуан ағаштардың биіктігі 15-тен 30 метрге дейін жетеді. Мамандар олардың тамырлары жер астында 50 метрден астам тереңдікке созылуы мүмкін дейді. Бұл ағаштар қатты құрғақшылыққа, тұздануға және құбылмалы нашар климатқа төзімді келіп, өміршеңдік қуаты аса мықты болады екен.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото