Си Цзиньпин Әскери комитеттің бірігіп соғыс жүргізу командалық орталығында қызметтік тексерісте болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 қараша
Си Цзиньпин Әскери комитеттің бірігіп соғыс жүргізу командалық орталығында қызметтік тексерісте болды

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қараша күні ҚКП Орталық комитетінің Бас Хатшысы, мемлекет Төрағасы және Орталық Әскери комитет Төрағасы және Әскери комитет бірлескен қолбасшылығының Бас қолбасшысы Си Цзиньпин Әскери комитеттің бірігіп соғыс жүргізу командалық орталығында қызметтік тексерісте болды. Мұнда жаңа әскери комитет ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының рухын дәйекті тиянақтандырып, оқу мен соғыс дайындығына деген нақты көзқарасты жан-жақты нығайту керек екенін көрсетті. Си Цзиньпин Әскери комитеттің біріккен командалық орталығының офицерлері мен сарбаздарын шын жүректен қабылдап, Әскери комитеттің біріккен командалық орталығының барлық командирлеріне сәлем жолдап, маңызды сөз сөйледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото