Си Цзиньпин Шэньсидегі алма фермерлерін жақсы тұрмысқа жету үшін нәтижелі жұмыс істеуге жігерлендірді (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 қараша
Си Цзиньпин Шэньсидегі алма фермерлерін жақсы тұрмысқа жету үшін нәтижелі жұмыс істеуге жігерлендірді

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қазанда Төраға Си Цзиньпин Шэньси өлкесінің Яньань қаласы Ансай аумағындағы бау-бақшаға барып, ондағы жұртшылықпен ықыласты сәлемдесіп, бақтағы піскен алманы үзіп көрді.

Си Цзиньпин ауылдастар күнкөрісінің жақсы екенін, алайда бақытты тұрмысқа кенелу үшін әлі де қарқынды жұмыс істеу керектігін айтты.

ҚКП 18-інші мемлекеттік құрылтайынан кейін Си Цзиньпин ауылдық жерлерге жиі барып, атыздарды аралап бұқаралардың хал-жағдайымен танысты. Төрағаның арнайы келуі «Халықтың жағдайын жете білу» бағытындағы жүрекжарды қамқорлығын және Қытай Коммунистік партиясының басты міндеті мен миссиясын растайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото