Барысты камераға түсіру сәті (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 қараша
Барысты камераға түсіру сәті

Барыспен бетпе-бет келіп көрдіңіз бе? Жақында фотограф Данчжэн Санчжоу Цинхайдағы Санцзянюань ұлттық саябағында 4K форматында барысты түсіріп, интернетте қызу пікірталас тудырды.

Санцзянюань ұлттық саябағы Цинхай-Тибет таулы аймақтарының кіндігі саналады. Саябақ - «таулы аймақтардағы хайуанаттар тұқымының ресурстар банкі» деген атауы бар, қар барыстарының тіршілік ету ортасы.

16 қазанда Санцзянюань ұлттық саябағында қар барыстарын суретке түсіру үшін жарты ай бойы еңбектенген Данчжэн Санчжоу мен оның әріптесі теңіз деңгейінен 4000 метрден астам биіктікте орналасқан Каганпу тауына келеді. Олар аппаратын орнатқаннан кейін, барыстың шығуын күтіп, жартас жақпарына тығылып отырады.

Ұзақ күткеннен кейін барыс та көрінді. Барыстан небәрі 400 метр қашықтықта орналасқан Данчжэн Санчжоу осы қымбат кескінді түсіру үшін жабдықтарын тез реттеді. Екі жақтың да қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бір-біріне кедергі келтірмеу үшін ол телефото мен дрон арқылы да түсірілім жұмыстарын орындады.

Бұл Данчжэн Санчжоудың барысты бірінші рет суретке түсіруі емес. Суретші ең бастысы барыстың мінез-құлқын аппаратына сәтті жазып алғаны екенін қуана айтты.

Бұл өңірден ол тауешкі, ақ танау бұғы және бүркіт сияқты жабайы аң-құстарды суретке түсірген болатын.

Данчжэн Санчжоу – мемлекеттік орман шаруашылығы және Жайылымдар басқармасының фотографы. «Түсіру барысы қиын болғанымен, олардың камераңда пайда болғанын көргендегі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Табиғат пен тіршіліктің сұлулығы ең әсерлі көрініс», - дейді Данчжэн Санчжоу. Ол Санцзянюандағы өзгерістерді естелікке алып, камера көзімен ұлттық саябақтағы байлықтарды күзетуді жалғастыратынын, сондай-ақ, осы әрекеті арқылы Санцзянюанның сұлулығын әйгілеп, табиғаттың сиқыры мен сан алуан тамашасын түсіндіріп, жұртты жабайы табиғатты бірге қорғауға шақыратынын айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото