- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Текес ауданындағы малшылар отарға көшті
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 қараша
11 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қараша айы келіп, күн суыта түсті. Шыңжаңның Іле Қазақ автономиялы облысы Текес ауданындағы малшылар отарға көшуге қамдана бастады. Малшылар қоралы қойларын айдап күздеуден Бозадыр қыстаулығына қоныс аударды.
Текес ауданындағы Бозадыр қыстаулығы Тяньшань тауының баурайында орналасқан. Бозадырдың төрт жағын тау қоршап, бауырында арқырап Көксу өзені ағып жатады. Жыл сайын қыс жақындағанда малшылар байырғы көш жолымен 100 шақырымға жуық жол жүріп, тау асып, тас басып малдарын Бозадыр отарына жеткізеді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online