Қытайлық теңізшілер адамзат тарихында алғаш рет Солтүстік мұзды мұхитты үздіксіз айналып өтті (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 қараша
Қытайлық теңізшілер адамзат тарихында алғаш рет Солтүстік мұзды мұхитты үздіксіз айналып өтті

15 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жалпы аралығы 28000 теңіз милінен асатын 500 күндік теңіз сапарынан кейін, Қытайдың Чжай Мо желкенді кемесі 2021 жылғы Солтүстік Мұзды мұхиттың алғашқы үздіксіз айналымын сәтті аяқтап, Шанхайға оралды. 15 қарашада Шанхай порт тобының Ұлттық жолаушылар орталығының терминалында оралу рәсімі өтті.

Іс-шараны Қытайлық теңізші Чжай Мо бастады және капитан қызметін атқарды. Ол 2021 жылдың 30 маусымында Шанхайдан жолға шығып, Шығыс Қытай теңізі, Жапон теңізі және Батыс Тынық мұхиты арқылы өтіп, Беринг бұғазы, Чукчи теңізі, Шығыс Сібір теңізі, Лаптев теңізі, Қара теңіз, Баренц теңізі, Норвег теңізі, Гренландия теңізі, Дания бұғазы, Солтүстік Атлант мұхиты, Девис бұғазы және Баффин шығанағы сынды теңіз айдындарынан жүзіп өтіп, Солтүстік Мұзды мұхиттың айналасында жүзуді сәтті аяқтады.

Капитан Чжай Мо теңізшілерді бастап, қатты дауыл мен тұманды айсбергтердің ауыр сынақтарына төтеп беріп, қиындықтар мен кедергілерді жеңіп, осы тарихи жүзуді аяқтады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото