- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин әлемдік дамуды ілгерілететін үш ұсыныс жасады
16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 15 қараша күні Индонезияның Бали қаласында G20 көшбасшыларының он жетінші саммиті өтті. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин іс-шараға қатысып, маңызды сөз сөйледі.
Төраға біз неғұрлым барлығын қамтитын жаһандық дамуды ілгерілетуіміз керектігін баса айтты. G20 елдері бірлік пен ынтымақтастық туралы бастапқы мақсатты ұстанып, «кемедегінің тағыдыры бір» рухына мұрагерлік етіп, консенсус принципін сақтауды ұсынды. Бөліну мен қарама - қайшылық тараптардың ешқайсысының мүддесіне үйлеспейтіндігін, тек елдердің бірлігі ғана дұрыс жол екенін атап өтті.
Ол біз неғұрлым инклюзивті жаһандық дамуды ілгерілетуіміз керек екенін айтты. Барлық елдердің ортақ дамуы ғана шынайы даму екенін, әлемдегі өркендеу мен тұрақтылық кедейлердің кедейленуіне, ал байлардың одан әрі баюы негізінде болмауы керек екенін айтты.
Төраға жаһандық тұрақты дамуды ілгерлетуіміз қажеттігін атап өтті. Ол «Біз даму мәселелеріне бұрынғыдан да көбірек назар аударуымыз керек. Жаһандық экономиканы қалпына келтірудің серіктесі болуға тиіспіз. Даму басымдықтарын ұстанып, халықты өзек етуіміз керек. Әрқашан дамушы елдердің қиындықтарын ескеріп, олардың басты проблемаларына қамқорлық жасауымыз қажет» деп атап өтіп, Қытайдың Африка одағының G20-ға қосылуын қолдайтынын да жеткізді.
people.cn © People's Daily Online