Қытайдың Индонезиямен ынтымақтасып салған жоғары жылдамдықты Джакарта-Бандунг теміржолының сынақ жұмысы сәтті аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 қараша
Қытайдың Индонезиямен ынтымақтасып салған жоғары жылдамдықты Джакарта-Бандунг теміржолының сынақ жұмысы сәтті аяқталды

17 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 16 қарашада Қытай теміржолы әзірлеп шығарған жүрдек теміржолды кешенді сынауға арналған пойыз Джакарта-Бандунг Декалур жүрдек теміржол вокзалы мен № 4 Арқалық станциясы арасындағы желіде кешенді сынақтан өткізілді. Сынақтан алынған көрсеткіштер мен өлшемдер жақсы нәтиже көрсетті. Бұл Қытай мен Индонезия бірлесіп салған жоғары жылдамдықты Джакарта-Бандунг теміржолын сынақтан өткізудің толық жетістігін білдіреді.

China Railway International Co., Ltd. ұсынған жоғары жылдамдықты Джакарта-Бандунг теміржолы Индонезияның астанасы Джакарта мен әйгілі туристік қала Бандунгты жалғастырады. Теміржолдың жалпы ұзындығы 142,3 шақырымды, ал максималды жұмыс жылдамдығы сағатына 350 шақырымды құрайды. Нысан толығымен 2018 жылдың маусымында жұмыс бастады. Бұл «Бір белдеу, бір жол» құрылысының және Қытай мен Индонезия арасындағы прагматикалық ынтымақтастықтың маңызды жобасы. Сонымен қатар Қытайдың жоғары жылдамдықты теміржолы салған жүйелі, тұтас, бүкіл өндіріс тізбегін қамтыған алғашқы шетелдік жоба. Бүкіл желі Қытай технологиясы мен Қытай стандарттары бойынша China National Railway Corporation еншілес компаниясы China Railway International Co., Ltd. бастаған Қытай құрылыс консорциумымен салынды. Жоба аяқталғаннан кейін Джакартадан Бандунгқа бару уақыты қазіргі 3 сағаттан 40 минутқа дейін қысқарады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото