Юньнань кофесінің хош иісі шетелде аңқыды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 қараша
Юньнань кофесінің хош иісі шетелде аңқыды

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Юньнань өлкесінің Пуэр қаласындағы кофе өндіретін аумақтарда егін жинау маусымы басталды. Ежелгі шай жолымен және Пуэр шайымен танымал Пуэр қаласы соңғы жылдары Қытайдағы аумағы ең үлкен, өндірісі ең мол кофе өндіретін аймаққа айналды.

Юньнань кофесінің бүгінгі жетістіктері үкімет пен кәсіпорындардың, ғылыми-зерттеу институттары мен фермерлердің көпжылдық бірлікте күш-жігер қосуының нәтижесі болып табылады.

1988 жылдан бастап Nestlé, Mai's, Starbucks сияқты халықаралық кофе алпауыттары Қытай нарығына шыға бастуына ілесе, Юньнань Үкіметі Юньнань кофе индустриясының қарқынды дамуын жеделдету үшін тиісті қолдау саясатын енгізді.

«Саяси қолдау + ғылыми және технологиялық инновациялар» Юньнань кофе компанияларын жандандырып, толық өндіріс жүйесін құрды. Қазіргі уақытта Юньнаньдағы сапалы кофенің егістік алқабы шамамен 93333 гектарға жетіп, өндіріс көлемі шамамен 110 000 тоннаны құрап, бүкіл өндірістік тізбектің өндіріс сомасы 30 миллиард юаньнан асты. Сонымен қатар, Юньнаньда кофе өсіру негізінен Пуэр мен Баошань сияқты кедей шекаралық аудандарда шоғырланғандықтан, кофе өнеркәсібінің дамуы бұл аудандардың экономикалық дамуына тиімді ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар осы аудандардағы кедейлікпен күресуге айтарлықтай көмектесті. Әрі 1 миллионнан астам фермерлерге өз кірістерін арттыруды жалғастыратын жақсы сала құрып берді.

2020-2021 жылдардың өндіріс маусымында Юньнань өлкесіндегі кофе егісінің ауданы 100 000 гектарды құрап, Азияда 4-інші орынды иеленді. Кофе өсіру ауданы мен өндірісі ел аумағының 98,5%-дан астамын құрайды. Кофе дәндері мен олардың өңделген өнімдері 60-тан астам елдер мен аймақтарға экспортталады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото