Катардағы панда сарайы ресми түрде көпшілікке ашылды (5)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 қараша
Катардағы панда сарайы ресми түрде көпшілікке ашылды

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Катардағы 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылуына орай, Қытайдан келген алып панда Цзинцзин мен Сихай 17 қараша күні Катардың астанасы Дохада ресми түрде жұртшылықпен кездесті. Осы күннен бастап пандалар тұратын Дохадағы Hall Panda сарайы да көпшілікке есігін ашты.

Қытай мен Катар арасында қол жеткізілген алып пандаларды қорғау және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, екі алып панда алдағы 15 жыл ішінде Катарда тіршілік етеді. Цзинцзин болса 4 жастағы тентек «бозбала», Сихай 3 жастағы ашық жарқын «сұлу бойжеткен». Екеуі де Қытайдың алып пандаларды қорғау-зерттеу орталығында дүниеге келген.

Еске сала кетсек, жергілікті уақыт бойынша 19 қазан күні Қытайдың екі алып пандасы Сихай мен Цзинцзин Катардың астанасы Дохадағы Хамад халықаралық әуежайына арнайы ұшақпен жетті деп жазған болатынбыз. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото