150 жылдан астам уақыт су түбінде жатқан кеме жер бетіне шығарылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 қараша
150 жылдан астам уақыт су түбінде жатқан кеме жер бетіне шығарылды

22 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қарашада еліміздегі су асты археологиясы ашқан суға батып кеткен ең үлкен ағаш кеме - Янцзы өзенінің сағасындағы ежелгі № 2 кеме судан сәтті шығарылды.

150 жылдан астам уақыт бұрын Цин әулетінің фарфорын тиеген үлкен ағаш кеме Қазіргі Шанхайдағы Янцзы өзені аңғары Хэнша суынан өтіп бара жатқанда батып кетіп, содан бері қайраңдап су түбінде қалған еді.

2015 жылы археологтар Янцзы өзенінің сағасындағы Чонмин Хэнша суларында су астындағы археологиялық зерттеулер жүргізген кезде, олар дыбыс сканерлеу сынды әдістерді қолдана отырып, ежелгі ағаш кемені тапты. Оның археологиялық нөмірі - «Янцзы сағасы № 2». 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото