Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданындағы малшылар қыстауға көшті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 қараша
Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданындағы малшылар қыстауға көшті

23 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданындағы Ақайаз аңғарының төңірегіндегі ауыл малшылары 277 000 бас малдарымен қыстауға көшті. Малшылар ірі қара мен қойларын қыс қыстауына айдап, көшпелі тірліктің тамаша көрінісін қалыптастырды.

Қысқы жайылымға барар жолда тұрақты өтпелі «Өмір сызығы» деп аталатын шопандар жолы бар. Соңғы жылдары Моңғұлкүре ауданының тиісті орындары шопандардың көш жолын жөндеп, тек механикаландырылған көшуді жүзеге асырып қана қоймай, малшылардың көшу қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етіп, отарға жету уақытын тездетті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото