Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданының тауындағы тәуешкілердің саны артып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 желтоқсан
Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданының тауындағы тәуешкілердің саны артып келеді

9 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Желтоқсан айының басынан бастап көптеген тәуешкілер Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданы Ақаяз қыстаулығында жайылып жүрді. Әр жылы қыста бұл араға тәуешкілер тобымен келіп, қыстайды. Соңғы жылдары Моңғұлкүре ауданы жабайы аңдарды қорғауды күшейту үшін бірқатар шаралар қабылдады. Бұл жабайы табиғаттың тіршілік ету ортасын жақсартып, хайуанаттардың саны айтарлықтай көбейді. Малшылардың жабайы хайуанаттарды қорғау танымының артуына ілесе, жайылым тынығып, қоршаған орта жақсарып, мұнда келіп қыстайтын тәуешкілердің саны жылдан жылға молығып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото