Қытайдың Қар қалашығының көрініс аумағы ресми түрде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 желтоқсан
Қытайдың Қар қалашығының көрініс аумағы ресми түрде ашылды

13 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 12 желтоқсанда Қытайдың Қар қалашығы (Хэйлунцзян өлкесінің Хайлинь қаласындағы 4А деңгейлі көркем жері) ресми түрде қонақтарды қарсы алу үшін ашылды. Қыстың басынан бастап қалашықта бірнеше рет қар жауды. Қазіргі уақытта қардың тереңдігі шамамен 40 см-ге жетіп, біртіндеп «қар саңырауқұлақтары» және «қар торттары» сияқты бірегей қар көріністері қалыптасты. Тақтай жолдар және карниздегі 3000-нан астам үлкен қызыл шамдар «қар саңырауқұлақтарымен» ерекше жарасып, қар қалашығын ертегі әлеміндей етіп көрсетеді. Әр аймақтан келген туристер көркем жерлерде суретке түсіп, естелік қалдырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото