Шыңжаң Қорғас алғаш рет жергілікті өндірілген коммерциялық көліктерге арналған халықаралық жүк пойызын іске қосты (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 желтоқсан
Шыңжаң Қорғас алғаш рет жергілікті өндірілген коммерциялық көліктерге арналған халықаралық жүк пойызын іске қосты

21 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 19 желтоқсанда отандық жаңа энергия көліктері тиелген халықаралық арнайы пойыз Қорғас порты теміржол станциясынан жолға шығып, Қазақстандағы Алтынкөл станциясына қарай бет алды. Ол соңында теміржолдан тасжолға алмасып, Орталық Азияға, Еуропаға және басқа елдерге жеткізіледі. Арнайы пойыздың іске қосылуы Қорғас портын халықаралық логистикасындағы жаңа серпіліс болып табылады. Әрі оның ұлттық логистикалық торап пен өңірлік халықаралық логистикалық тарату орталығы болуына берік негіз қалайды.

Мәліметтерге сәйкес, арнайы пойызға құны шамамен 13 миллион юань болатын 100 отандық көлік тиелген. Жергілікті арнайы пойыздың ашылуы «қос батыс тасжолымен» бірге тасжол мен теміржол ортақ тасымалдайтын қолайлы жағдай қалыптастырады. Бұл сыртқы сауда кәсіпорындары үшін қойма мен логистика шығындарын үнемдеуге, сонымен бірге кедендік ресімдеу тиімділігін және жүктерді өткізу қабілетін оңтайлы арттыруға мүмкіндік берді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото