Тибеттің алғашқы шөлді саябағын тамашалайық

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 желтоқсан
Тибеттің алғашқы шөлді саябағын тамашалайық

26 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 24 желтоқсанда тілші Жанан ұлттық саябағына барды. Шөлді саябақ Шаньнань қаласы Жанан ауданында орналасқан. Бұл Тибет автономиялық регионындағы алғашқы ұлттық шөлдегі саябақ. 2017 жылы Жанан ұлттық шөлді саябағын салу жобасы Қытайдың мемлекеттік орман шаруашылығы департаменті сарапшыларының сараптамасынан өткен. Алдын ала белгіленген жоспарға сәйкес саябақ табиғатты қорғау аймағынан, танымал ғылыми миссиялар аймағынан, шөлдегі ғылым және технология мұражайынан, шөлдегі ботаникалық бақ, шөлді экологиялық басқарудың демонстрациялық саябағы және экологиялық демалыс аймағынан тұрады. Бірегей экожүйе болған шөл табиғи экологиялық ортаның маңызды бөлігі болып табылады. Экологиялық ортаны қорғаудың және шөлді экожүйенің құрылымы мен функцияларын сақтаудың алғышарттарына сүйене отырып, жергілікті үкімет шөлді саябақтың ландшафттық және мәдени ресурстарын ұтымды пайдалану әдістерін зерттейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото