Жаңа жылдық демалыс кезінде ел ішінде саяхаттағандардың саны 52,7134 миллион болды (5)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 қаңтар
Жаңа жылдық демалыс кезінде ел ішінде саяхаттағандардың саны 52,7134 миллион болды

3 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Мәдениет және туризм министрлігінен 2 қаңтар күні алған мәліметіне сәйкес, 2023 жылы жаңа жылдық демалыс кезінде ел ішінде саяхаттағандар 52,7134 миллионға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,44%-ға өсті. Ел ішіндегі туризм кірісі 26,517 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға ұлғайды. Ұлттық мәдени және туризм демалыс нарығы қауіпсіз әрі тәртіппен өтті. Олардың ішінде қала бойынша экскурсиялар, қысқа қашықтыққа саяхаттар және ойын-сауық турлары басымдыққа ие. Ал әр жердегі мәдени іс-шаралар жұрттың ықыласына бөленді. Демалыс кезінде мұражайларға, кітап дүкендеріне, өнер мұражайларына барғандардың аяғы үзілмеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото