Қытай ғалымдары жақында 120 миллион жыл бұрынғы құстарды тапты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 қаңтар
Қытай ғалымдары жақында 120 миллион жыл бұрынғы құстарды тапты

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Академиялық білімде құстар динозаврлардан шыққан деген консенсус бар. Оның эволюциялық процесі, әсіресе ертедегі құстардың бас сүйектері мен денелерінің бір-бірінен тәуелсіз дамуы ұзақ уақыт бойы жұрттың назарын аударды. Жақында Қытай ғалымдары Рэхэ биотасында (135-120 миллион жыл бұрынғы) динозаврдың бас сүйегі мен оғаш денесі бар Бор дәуіріндегі құстардың қазбасын зерттеп, тапты. Ішкерілей зерттеу арқылы ежелгі құстардың бас сүйектерінің, иық сүйектерінің және алғашқы метатарсальды сүйектердің бейімделу эволюциясы барысын ашты. Ғылыми - зерттеу жұмысы Бейжің уақытымен 2 қаңтарда «Табиғат-экология және эволюция» халықаралық кәсіби академиялық журналында онлайн жарияланды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото