Цзянси Цзюцзян 2023 жылғы алғашқы Қытай-Еуропа пойызын аттандырды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 қаңтар
Цзянси Цзюцзян 2023 жылғы алғашқы Қытай-Еуропа пойызын аттандырды

6 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 5 қаңтарда Цзянси өлкесінің Цзюцзян қаласында 2023 жылғы алғашқы Қытай-ЕО пойызы Цзюцзянның Оңтүстік теміржол вокзалынан аттанды. Бұл жолғы Қытай-ЕО пойызы жалпы 50 контейнерден тұрады. Пойызға негізінен құны 12 миллион юань болатын 685 тонна жөргек, шам, автомобиль дөңгелектері және басқа да тауарлар тиелген. Ол Эрлиан халықаралық порт станциясы арқылы елден шығып, 12 күннен кейін Ресейдің Селятино вокзалына жетеді деп күтілуде. Тасымалдау уақыты теңіз тасымалымен салыстырғанда шамамен 10 күнге қысқа.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото