Мәнерлеп сырғанаудан 2022-2023 жылғы ұлттық чемпионат басталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 қаңтар
Мәнерлеп сырғанаудан 2022-2023 жылғы ұлттық чемпионат басталды

13 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 11 қаңтар күні Хэбэйдегі Чэндэ мұз спорт орталығында мәнерлеп сырғанаудан 2022-2023 жылғы ұлттық чемпионаты шымылдығын ашты. Спорттық шара үш күнге созылады. 12 қаңтар күні ерлер арасындағы жекелей сында чемпион мәртебесі анықталады. Ал 13 қаңтар күні әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан, жұптық сырғанаудан және мұз үстіндегі биден чемпиондыққа үміткерлер сараланады. Осы маусымда мәнерлеп сырғанаудан нақ майданда өткен алғашқы ұлттық жарысқа ел бойынша 13 өлке мен қаладан 22 команда қатысты. Қатысушылар саны 260-қа жетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото