Қақаған суықтағы қарбалас тірлік (10)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 қаңтар
Қақаған суықтағы қарбалас тірлік

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Алтай аймағы Қом ауылы Үрімжіден 600 шақырымнан астам жердегі Алтай тауының баурайында орналасқан. Ауыл өзінің көркем табиғатымен туризмді дамытып, ауылды жандандыруға көмектесті. Ел ішінде тараған «Қыста Қомға барып қар көріңіз» деген сөз қар-мұз туризмінің ерекше белгісіне айналды. Жақында суық ауа райының әсерінен Қомда қалың қар жауып, қақаған аяз тұрды. Бұл құбылыс табиғаты сұлу ауылдың қысын одан әрі көркем ете түсті. Суық ауа райына қарамастан демалуға келген саяхатшылардың да аяғы үзілмеді. Қысқы туризмді пайдалануға тырысқан ауыл тұрғындарының да әбігері көбейді. Туристер мен ауыл тұрғындарының өндірісі мен тұрмысын қамтамасыз ету үшін электр, байланыс, жол көлігі және басқа департаменттердің қызметкерлері қарбалас жұмысқа кірісті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото