Чэнду, Сычуань: Ақ қарда асыр салған пандалар

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 қаңтар
Чэнду, Сычуань: Ақ қарда асыр салған пандалар

18 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы күндері Чэнду ерекше суытып, қыстың ызғары айқын сезілді. Бүгін Чэндудағы Панда өсіру-зерттеу базасы (бұдан әрі «панда базасы» деп аталады) «Қар» жобасын бастады. Пандалар бір жағынан қарда ойнаудан ләззат алады, екінші жағынан туристерге қарда асыр салған пандаларды тамашалауға мүмкіндік береді.

17 қаңтарда сағат 6:30-да қызметкерлер 2023 жылдың алғашқы қар жобасын құруға кірісті. Пандаларға арналған ойын алаңына қалың қар қабатын төсеуден басқа, қар адамы бейнесін жасап, оны сәбіз, алма, асқабақ және басқа да тағамдармен безендірді.

Панда базасына жауапты тұлғаның айтуынша, панда базасының қызметкерлері таза судан мұз жасап, содан кейін мұздан қар машинасы арқылы қар ұшқындарын кескіндеп, пандалардың ойын алаңын жабдықтады. Осылайша қар сирек түсетін Чэндудағы пандалардың жабайы мекендерінің табиғи болмысын мүмкіндігінше орнықтырып, сол арқылы олардың жылдың төрт мезгілін барынша сезінулеріне жағдай жасады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото