Цинхай халық арасындағы 3 метрлік ағашаяқтармен жүретін ойын жұрт назарын аударды (12)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 қаңтар
Цинхай халық арасындағы 3 метрлік ағашаяқтармен жүретін ойын жұрт назарын аударды

18 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қаңтарда Синин қаласы Хуанчжун аумағы Лушар ауылында жергілікті тұрғындардан тұратын әлеуметтік ойын-сауық тобы жаңа жыл алдындағы соңғы жаттығуын өткізді. Биік ағашаяқтармен жүріп өнер көрсететін актерлер беттеріне майлы бояу жағып, дәстүрлі қытай операсы мен халық ертегілерінің кейіпкерлері рөлін сомдады. Олар биіктігі 1,8-ден 3 метрге дейінгі ағашаяқтармен жүріп өнер көрсетеді. Мәліметтерге сәйкес, ағашаяқ ойыны Мин әулетінің Хонву кезеңінде Орта жазықтан Хуанчжун Лушар аймағына таралған. Бүгінге дейін бұл ежелгі ойынның 600 жылдан астам тарихы бар. Лушар-Цинхай ағашаяқ өнерімен айналысқан алғашқы аймақ. 2008 жылы Лушар қаласы қытай халық мәдениеті мен өнерінің (Ағашаяқ ойыны) мекені деп аталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото