- Барлық ақпарат
Шэньсиде Қытайдан ЕО-ға вагондарды экспорттауға арналған алғашқы арнайы пойыз іске қосылды (2)
18 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 16 қаңтарда таңертең сағат 10:30-да гудок үнімен бірге Шэньси шығарған 261 автокөлік тиелген X8256 Қытай-Еуропа пойызы Сиань халықаралық порт станциясынан батысқа қарай, Ресей астанасы Мәскеуге бет алды.
Бұл Шаньсиден жолға шыққан алғашқы Қытай-ЕО автокөлік экспорттық пойызы ретінде, отандық автомобильдердің әлемдік нарыққа шығуына және ел іші мен шетелде қос циклді дамудың жаңа моделін құруға көмектесетін қауіпсіз, тиімді және ыңғайлы халықаралық логистикалық арнаны ашты.
Пойыз Сиань халықаралық порт станциясынан аттанды. Ол Қорғас порты арқылы елден шығып, Қазақстандағы Алтынкөл станциясында ауысып, соңында Ресейдің астанасы Мәскеудегі Доскино станциясына жетеді. Сапар барысы шамамен 20 күнге созылады.
Соңғы жылдары Қытай автомобиль өнеркәсібінің қарқынды дамуына ілесе, ұлттық теміржолдың Сиань бюросы Сиань халықаралық порт ауданымен, Сиань кеденімен, Қытай теміржолы контейнерінің Сиань филиалымен және басқа бөлімшелермен тауарларды импорттау және экспорттау процесін оңтайландыру үшін үйлестіру тетіктерін құрды. Шэньсидегі жергілікті автомобиль компанияларымен байланысты кеңейтіп, ресурстарды бөлуді жеңілдетіп, тасымалдау ұйымдарын нығайтты. Аймақтық ынтымақтастық платформаларын құрып, көлік құралдарының экспорттық тасымалдау модельдерін енгізді. Шэньсидің халықаралық сауда санаттарының әртараптандырылған дамуын және әлемге танылу қарқынын жеделдетіп, ішкі тасымалдаудың кешенді логистикалық шығындарын айтарлықтай төмендетті. Бұл көптеген шетелдік азаматтар үшін импорттық көліктерді сатып алуды жеңілдетіп, таңдау мүмкіндігін ұсынды. Сондай-ақ «Қытайда жасалған» өнімнің әлемге таралуына, «Бір белдеу, бір жолдың» бірлескен құрылыс моделіне терең енуіне жағдай туғызып, ішкі реформалар мен ашықтыққа жеткілікті қолдауды қамтамасыз етті.
people.cn © People's Daily Online